$ 482.32  553.37  5.63

«Алғашқы тәжірибесі»: Әйгілі футболшы Луиш Нани ауыз бекіткен (ФОТО)

Бұл – Луиштің алғашқы тәжірибесі.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Португалиялық жұлдыз Луиш Нани әлі де болса таңқалдырудан жалықпайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ТКБ ақпаратынша, оразаның соңғы он күнінде Нанидің аузы берік болған. Бұл – Луиштің алғашқы тәжірибесі.

Өзі мұсылман болмаса да, ораза ұстап жүрген командаластарын қолдау ретінде және ораза кезінде өзін қалай сезінетінін бақылау есебінде Нани осындай қадамға барған екен. Қабыл болсын дейміз!

Жалпы “Ақтөбе” командасының бапкерлік штабы мен ойыншылары арасынан биыл 20-ға жуық адам ораза ұстаған деген ақпарат бар. Кезінде Алексей Бага ораза ұстап жүрген команданы баптау қиын екенін айтқан. Мүмкін, енді “Ақтөбе” басқаша қырынан көрінер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0