$ 516.16  584.86  6.25

Лондонда 4 ай ағылшын оқыған Елдос Сметов Қазақстанға оралды

Ол Астана Гранд Слэміне қонақ ретінде қатысады

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Англиядан Қазақстанға оралды. Жыл басынан бері ағылшын тілін үйренген ол енді жаттығуға кірісуді көздейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Былтыр Олимпиада ойындарында топ жарған отандасымыз өзін шетелдік әріптестері құттықтағанын, алайда олармен тікелей ағылшын тілінде тілдесу мүмкін болмағанын атаған еді. Кейін ол тіл үйренуге бекініп, отбасымен бірге Англияға аттанған еді.

«Ағылшын тілінде еркін сөйлеуге нәсіп етсін. Англияға келуімнің басты себебі де осы болды. Барынша тырысып жатырмыз, бірақ өте қиын болып жатыр. Дегенмен, тырысып бағудамыз», - деген болатын Сметов бұған дейін.

Олимпиада чемпионы 9-11 мамыр аралығында Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің құрметті қонағы ретінде шақырылды. Аталған турнирге әлемнің ең үздік дзюдошылары қатысады, олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары бар.

Елдос болса мамыр айында-ақ жаттығуға кіріспекші. Бұл туралы оның бапкері мәлімдеген болатын. Бабына келген ол келер жылдың басында ұлттық құрама сапына қосылып, жарыстарға қатысуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Елдос Сметов