$ 516.16  584.86  6.25

Қазақстандық 15 жастағы ауыр атлет қыз әлем чемпионы атанды

Жарыс Перу астанасы Лимада өтіп жатыр.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық жас спортшы Ксения Прозорова Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

15 жастағы Прозорова 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 199 келі (жұлқа көтеруде – 91 кг, серпе көтеруде – 108 кг) нәтижемен чемпион атанды. Бұл – өте әсерлі көрсеткіш. Күміс медальді 190 келі нәтижемен Өзбекстан спортшысы Маржона Абдумуталова, ал қола жүлдені 189 келімен ресейлік Полина Павлович иеленді.

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола медальмен толықты: 73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов, ал 81 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында Ерасыл Саулебеков үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 61 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерсеит алтын медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының жетістігін еселей түскен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары