Бұл кездесуде негізгі фаворит ретінде «Картахена» саналған еді.
Алматылық «Қайрат» футзал клубы жартылай финалда испандық «Картахенаны» 3:2 есебімен тізе бүктіріп, Чемпиондар лигасының финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық команданың сапында Алиссон екі рет мергендік танытты – ол 16 және 36 минуттарда гол соқты. Тағы бір голды қақпашы Деннис Кавальканти 39-минутта енгізді. Ал испандық команданың атынан Мигель Анхель Мельядо (20-минут) және Габриэль Мотта (40-минут, пенальтиден) жауап қайырды.
Айта кетейік, бұл кездесуде негізгі фаворит ретінде «Картахена» саналған еді.