Талап ауылынан Жезқазған қаласына кірер жолдың ақауы халықтың ашуын туғызып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада трассаның өте нашар жағдайда екені анық көрінеді.
Ұлытау облысының тұрғындары бұл мәселенің қашан шешілетінін білмей әлек.
Өңірдегі жол сапасына жауапты аймақ басшысы Есет Байкен мен Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бұрибаев әзірге бұл жайтқа үн қатқан жоқ.
Мемлекеттік органдар мен жауапты шенеуніктер бұл халықтың жанайқайын қашан еститіні белгісіз.