Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында қазақстандық атақты боксшы, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовқа белгісіз біреу орынсыз сөздер айтып, тіл тигізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Желіде тараған видеода белгісіз желі қолданушысы Ермахан Ибраимовты тікелей эфир кезінде сынға алып, шектен тыс пікірлер білдірген. Оған "малсың" деп пікір жазған. Бұл пікірге ашуланған спортшы жауап қайтарды.
"Маған бұлай жазған өзің малсың. Олимпиада чемпионын қалай сен “малсың” деп айта аласың?! Бұл сөзді көзіме тура қарап отырып айта аласың ба? Жоқ, ешқашан олай айта алмайсың! Диванда жатып алып, бұлай сөйлеудің қажеті жоқ. Менің қандай адам екенімді білмей тұрып сөйлеудің қажеті жоқ. Менімен бір рет қана араласып, сөйлесіп көрген адам кейін өзінің ойын 100 пайыз өзгертіп жатады. Миллиондаған қазақ «Ермахан, нағыз батыр Аға» «Ермахан чемпион», «Сенің жолыңды берсін» деп жүр, ал диван батырлары аузына келгенін сөйлейд"і, - деді ол.