$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Шетелде қылмыс жасаған қазақстандықты қай ел соттайды? ІІМ түсіндірді

ІІМ мұндай істерде халықаралық құқықтық ынтымақтастық маңызды екенін атап өтті.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қазақстан азаматы шетелдік интернет-сервис арқылы басқа елге зиян келтірсе, іс бірден Қазақстанда қарала салмайды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ІІМ өкілінің айтуынша, алдымен шетелде қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны және дәл сондай жауапкершілік Қазақстан заңында бар-жоғы тексеріледі. Егер күдікті Қазақстан аумағында жүріп, технология көмегімен қылмыс жасаса, істі Қазақстан соты қарай алады.

Ал Қазақстан азаматтарына қарсы қылмыс жасап, өзі басқа мемлекетте жүрген адам бойынша дәлелдер жиналғаннан кейін материалдар сол елдің құзырлы органдарына жіберілуі мүмкін. Бұл үшін екі елдің заңнамасында да тиісті қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы қажет.

ІІМ мұндай істерде халықаралық құқықтық ынтымақтастық маңызды екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0