$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Ақтау қаласының әкімі ауысты

2019 жылдан 2023 жылғы маусымға дейін Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президенті әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мақсат Мұқаш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы Жаңаөзен қаласындағы №7 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып бастаған.

2016-2017 жылдары Жаңаөзен қаласы Қызылсай елді мекеніндегі №3 балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары осы мектептің директоры қызметін атқарған.

2019 жылдан 2023 жылғы маусымға дейін Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болды.

2021-2023 жылдары VII шақырылымдағы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты, "Ақ жол" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі қызметтерін атқарды.

2023 жылғы маусым-қазан айларында Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі болды. 2023 жылғы 24 қазанда Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2025 жылғы желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Ақтау