Ал тергеу өкілі іс әлі аяқталмағанын, материалдар сотқа жіберілмегенін мәлімдеді.
Республикалық маңызы бар тасжолдың 371-шақырымында мал жолға шығып, жол апатына себеп болғанымен, бұл учаскеде әлі күнге дейін қоршау жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналист осыған байланысты «ҚазАвтоЖолға» қандай шара қолданылғанын және мал иесінің неге қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын сұрады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев бұл жерде қоршау жоба бойынша қарастырылмағанын айтты.
Оның сөзінше, 369-шақырымда малға арналған арнайы өткел бар, алайда жолға шыққан мал сол өткелмен өтпей, қараусыз қалған. Бірақ журналист малдың бұл маңда әлі де жол бойында еркін жүретінін айтып, қауіпсіздік мәселесінің неге шешілмегенін көтерді.
Ал тергеу өкілі іс әлі аяқталмағанын, материалдар сотқа жіберілмегенін мәлімдеді. Осылайша, жолға малдың қайта шығуына жол бермейтін нақты қандай қосымша шара қабылданғаны туралы сұраққа брифингте нақты жауап айтылмады.