$ 444.58  510.29  5.27

Эльвира Әзімова Конституциялық Соттың Төрағасы болып қайта сайланды

Эльвира Әбілхасымқызы Әзімова 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. 

Фото: Азаттық рухы
Фото: Азаттық рухы

Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Эльвира Әбілхасымқызы Әзімова 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолының елеулі бөлігін Әділет министрлігінде өткізді. 1996-2013 жылдары халықаралық құқық, заңнама, мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау және шарттық жұмыстар бағытында түрлі лауазымдар атқарды. 2010-2013 жылдары министрліктің халықаралық шарттарды сараптау департаментін басқарды.

2013-2019 жылдары Әділет министрінің орынбасары болды. Ал 2019 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі қызметін атқарды.

Эльвира Әзімова 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық Соттың Төрағасы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар ол Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында болған.

Биыл ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға да төрағалық етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#тағайындау