$ 479.26  546.21  6.13

Президент кезекті Жарлыққа қол қойды

Еске сала кетейік, 1 шілде күні Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 1 шілде күні Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0