$ 498.65  589.06  6.49

Конституциямыз ел тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатыр – Ерлан Қарин

Ол мұны қазақ тілінің заң тілінен айналу деп бағалады.

Фото: Конституциялық сот
Фото: Конституциялық сот

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәтіні аударма еместігін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

— Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы — бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба — о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Екі ұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр, — деді ол Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында.

Ол мұны қазақ тілінің заң тілінен айналу деп бағалады.

— Яғни, ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан аяғына дейін құқықтанушылар мен тіл мамандарының бірлесіп жұмыс істеуімен мемлекеттік тілде әзірленіп жатыр. Бұл — қазақ тілінің заң тіліне айналғанын, аясы кеңейіп, өркендегенін көрсетеді, — деді Ерлан Қарин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0