$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Жезқазғанда көпірдің жаяу жүргіншілер жолы опырылған: әкімдік қауіпсіздікке қашан көңіл бөледі?

Әзірге көпірдің қашан жөнделетіні және ақаудың неден пайда болғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында теміржол вокзалы маңындағы көпірдің жаяу жүргіншілерге арналған жолы опырылып, тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көпір үстіндегі бетон жабынның бір бөлігі құлап, жол ортасында үлкен ойық пайда болғанын көруге болады.

Мұндай ақау әсіресе түнгі уақытта көпірден өтетін адамдар үшін аса қауіпті. Қала әкімдігі көпірдің техникалық жағдайын қаншалықты жиі тексеріп, тұрғындардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп отыр деген сұрақ туындайды.

Жергілікті билік қауіпті аумақты қоршап, зақымданған бөлікті шұғыл қалпына келтіруі қажет.

Әзірге көпірдің қашан жөнделетіні және ақаудың неден пайда болғаны туралы ресми ақпарат жоқ.


Видео: @amandyq_dosy…

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0