$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

«Ата-анам да білген жоқ»: Тұрсынбектің екінші әйеліне қатысты даудан кейін Мөлдір Мұқан көпшілікке үндеу жасады

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Әнші әрі блогер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қолдау білдіріп, құрмет көрсетіп жатқан жандарға алғысын жеткізді. Өнер иесі өмірге деген сүйіспеншілігін білдіріп, айналасындағы жақсы адамдардың ықыласына ризашылығын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мөлдір Мұқан балалық шағын еске алып, ата-анасының үйінен қонақ үзілмегенін жазды. Оның айтуынша, отбасында жиі қонақ күтіліп, дастархан жайылатын. Әкесі мен анасы қызметте жүрсе де, ауыл тіршілігін қатар алып жүрген. Ал балалары үй шаруасына көмектесіп, анасына дастархан жаюға және жинауға қолғабыс ететін.

Бүгінде сол кездері төрден орын беріп, қонақ күткен ата-анасының тәрбиесі мен жақсылығының жемісін көріп жүргенін айтты.

«Ата-анам да білген жоқ қой, өздерінің жасаған жақсылықтарының арқасында кейін балалары осылай шалқып жүретінін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші айналасындағы қолдау көрсетіп жүрген жандарға ризашылығын білдіріп, олардың жақсылығы өздеріне және ұрпағына еселеп қайтсын деген тілегін жеткізді.

«Рақметтен басқа айтарым жоқ. Жақсы жандарым, сіздердің жақсылықтарыңызды мен қайтара алмасам да, ұрпағыңызға Жаратушының жасап қойған жақсылықтары молынан деп сенемін.

Иә, мен әлемге ашықпын. Өйткені менің жүрегімде әлі де қаншама арман, қаншама махаббат, қаншама әдемі бастамалар бар!» – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Өнер иесінің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан жеке өміріне қатысты оқиғалардан кейін жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0