$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты (ВИДЕО)

Әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының отбасылық өміріне қатысты пікір білдіріп, келінімен қазір араласпайтынын айтты. Өнер иесі ажырасқаннан кейін балаларын әкесінің туыстарына көрсетпейтін жағдайларға қынжылатынын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында үлкен ұлының ажырасып кеткенін, ал бұрынғы келінімен байланысы үзілгенін айтты.

“Үлкен ұлым ажырасып кетті. Қазір келініммен араласпаймын, араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасса баланы алып қашады? Ата-енесіне, әкесіне берсін, олар да көмектессін. Сол әулеттен туды, солардың ұрпағы. Баланы алып қашып, әкесіне, ата-апаларына көрсетпейтін қыздарды түсінбеймін. Түсінетін шығар, ренжімеймін, жас қой әлі. Мүмкін, өкпе-назы бар шығар. Уақыттың еншісіне қойдым. Ол бала ешқайда кетпейді. Мен де әкем ажырасқанмен кетіп қалған жоқпын. Туысқандарыммен араласамын, оларды сағынамын. Бала тұрғанда бәрібір ол әулеттен кете алмайды. Қыздарға немерем деп қуанған ата-әжелердің жүрегін ауыртпаңдаршы дегім келеді”, — дейді ол. 

Сондай-ақ ол ұлы мен келінінің екі жаққа кетуіне не себеп болғанын түсіндірді. 

“Үлкен ұлымның ажырасуының себебі — келін бөлек шыққысы келді. Ал бала апасының бауырына басқан баласы. Мен жалғыз қыз болғаннан кейін анам үлкен ұлымды бауырына басқан. Келін бөлек тұрғысы келді, бала бармаймын деді. Бәрі содан басталды. Ұлымдікі де дұрыс па деп ойлаймын. Бөлек шықсаңдар шығыңдар, ажыраспаңдар деп те айттық. Өзіңнің өміріңдегі қателіктерді балаларың жасамаса екен деп тілейсің. Оны ұғынатын, ұғынбайтын бала бар. Өздерінің таңдауы солай болды. Біз біраз тырыстық. Екі жаққа кетті, өз өмірлерін сүріп жатыр. Ал екінші балам, өз бала-шағасын өзі қамтамасыз етіп отыр. Үшінші ұлым кішкентай, енді жетіліп келе жатыр”, — дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0