$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Астанада екі апта бұрын төселген тас жолдың тоз-тозы шықты: әкімдік жұмысты қалай қабылдаған?

Қала бюджеті есебінен жүргізілген жұмыстың сапасы қалай тексерілгені және анықталған кемшіліктер кімнің есебінен түзетілетіні әзірге белгісіз.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылының бойына жаңадан төселген жаяу жүргіншілер жолының сапасы тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада төсеніш тастардың орнынан қозғалып, жолдың ойқы-шойқы болып кеткені анық көрінеді.

Жазба авторының айтуынша, бұл тастардың төселгеніне небәрі екі апта болған. Тұрғын осындай сапасыз жұмыстың қанша уақытқа шыдайтынын сұрап, жөндеу жұмыстарын қабылдаған жауапты тұлғалардың әрекетіне күмән келтірді.

Елорда әкімдігі жаңадан төселген жолдың мұндай күйге түсуіне не себеп болғанын және мердігердің жұмысын кім қабылдағанын түсіндіруі тиіс.

Қала бюджеті есебінен жүргізілген жұмыстың сапасы қалай тексерілгені және анықталған кемшіліктер кімнің есебінен түзетілетіні әзірге белгісіз.

Threads / @dindileka


https://www.threads.com/share/BAZZdSbrWh

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0