$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

Қайғылы жағдай Талдықорған – Үштөбе автожолының 20-шақырымында болған.

Фото: instagram.com/taldykorganec.insta_
Фото: instagram.com/taldykorganec.insta_

Жетісу облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Талдықорған – Үштөбе тасжолында жеңіл автомобиль жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай Талдықорған – Үштөбе автожолының 20-шақырымында болған. Жетісу облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, Changan CS35 маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан ол Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған. Полиция өкілдері жол апатының мән-жайына қатысты ақпарат берді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – делінген ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0