Марқұмның елге сіңірген еңбегі, іскерлігі мен адамгершілік қасиеттері оны таныған азаматтардың жадында сақталатыны атап өтілді.
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Рахымбек Әміржанов 62 жасында өмірден өтті. Түпқараған ауданының әкімдігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Түпқараған ауданы әкімдігінің, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің атынан жарияланған көңіл айту хабарламасында Рахымбек Әміржановтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарының қайғысына ортақ екені айтылған.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, ол саналы ғұмырын ел қызметіне және Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте өзін білікті басшы ретінде танытып, аймақтың өркендеуіне елеулі үлес қосқан.
Марқұмның елге сіңірген еңбегі, іскерлігі мен адамгершілік қасиеттері оны таныған азаматтардың жадында сақталатыны атап өтілді.