$ 447.52 € 502.21 ₽ 5.41

«Күртесі мен телефонын тартып алған»: Ақтөбеде 16 жастағы екі студент ұсталды

Айта кетейік, тонау қылмысы үшін заңда жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Ақтөбеде кәмелетке толмаған балаларды тонаған екі студент ұсталды. Олар қалалық саябақтардың бірінде құрдастарын күш қолданумен қорқытып, ұялы телефондары мен күртесін тартып алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы полицияның жедел мәліметінде айтылды.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктілерді көп ұзамай қолға түсірді. Олар Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінде білім алатын 16 жастағы екі жасөспірім болып шықты.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімдер өз кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта ұрланған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, тонау қылмысы үшін заңда жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0