$ 447.52 € 502.21 ₽ 5.41

«Әкімдік жауынға да дайын емес»: Алматылықтар балаларын мектепке жіберуге қорқады

Фото: Тұрғындардан
Фото: Тұрғындардан

Алматыда жауған жаңбырдан кейін жаяу жүргіншілер жолы лай мен көлкіген суға толып, тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан тротуарлардың жүруге жарамсыз күйге түскені анық байқалады. Қала тұрғындары әкімдікті сынға алып, қарапайым жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың өзі талапқа сай емес екенін айтып отыр. Әсіресе, балаларын мектепке апаратын ата-аналар алаңдаулы: жауын-шашынды күні бүлдіршіндердің мектепке жетуі мұңға айналған. Тұрғындар бұл мәселенің жыл сайын қайталанатынына наразы болып, жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды талап етуде. Алайда қала әкімдігі көшелер мен тротуарлардың жағдайына қатысты қандай жұмыс атқарылғанын және мәселенің қашан шешілетінін түсіндіруі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1