10.11.2026, 07:30

Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады: алдағы күндері ауа райы күрт суытады

Фото: freepik

Еліміздің басым бөлігінде алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы үш күнде қар мен жаңбырға байланысты көктайғақ болуы мүмкін. Тек еліміздің батысында 11-12 қараша күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

«Ауа температурасының негізгі фоны күндіз еліміздің батысында +3…+12°С, солтүстік-батысында 0…+8°С, солтүстігінде, шығысында және орталығында −3…+5°С, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +2…+10°С болады», – делінген синоптиктер болжамында.