Алматы метросында ONAY! қосымшасы мен турникеттердегі QR-код жүйесінің істен шығуына байланысты жолаушылар арасында үлкен әбігер туындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Соның салдарынан метроға кіре алмаған тұрғындар кіреберісте жиналып, жұмыс пен оқуға асыққан жұрттың уақыты жоғалды. Әсіресе, күнделікті қоғамдық көлікке тәуелді қала тұрғындары электронды төлем жүйесінің істен шығуынан зардап шекті. Миллиондаған қаражат жұмсалатын цифрлық инфрақұрылымның қарапайым ақауға төтеп бере алмауы жауапты мекемелердің жұмысына қатысты сұрақ туғызады.
Мұндай жағдайда әкімдік пен ONAY! қызметіне жауапты мекемелер жолаушыларға жедел түсініктеме беріп, төлем жасаудың балама жолын ұсынуы керек еді. Алайда тұрғындар үшін ең маңыздысы - жарнамадағы цифрландыру емес, күнделікті қатынасты тоқтатпайтын тұрақты жүйе.