$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Жетісу облысында жола апатынан бір адам көз жұмды

Зардап шеккен екінші адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жетісу облысында Талдықорған – Үштөбе тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Апат автожолдың 21-ші шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапқан. Зардап шеккен екінші адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0