Жүргізуші осыған ұқсас жағдайға тап болған өзге көлік иелерінен де АИ-95 құйғанда абай болуды сұрады.
Жүргізуші Астанаға келе жатқан жолда АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі бірнеше рет өшіп қалғанын айтып, жанармай сапасына күмән келтірді.
Оның сөзінше, көлік жүріп келе жатып дірілдеп, 3-4 рет тоқтаған және қозғалтқыштағы ақауды білдіретін белгі жанған. Қарағандыға жеткен соң бактағы жанармай азайып, АИ-92 құйғаннан кейін мұндай жағдай қайталанбағанын айтады.
Автор автосалон маманымен де сөйлескенін, оған жанармай құрамындағы қоспа себеп болуы мүмкін екені айтылғанын жеткізді. Алайда көліктегі ақауға нақты бензин себеп болғаны зертханалық сараптамамен немесе техникалық қорытындымен расталған жоқ.
Жүргізуші осыған ұқсас жағдайға тап болған өзге көлік иелерінен де АИ-95 құйғанда абай болуды сұрады.