Туыстарының айтуынша, Никита қайғылы оқиға кезінде өз бетімен аман қалып, бағдар тауып, жағаға жеткен.
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметші Никита Удаловтың туыстары әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, оның әзірге болған жағдай туралы көпшілікке айтуға дайын емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Басылым Никита Удаловтың ағасының Instagram парақшасында жарияланған жазбаға сүйеніп, оның туыстары расталмаған ақпараттарды таратпауға шақырғанын жазды.
Туыстарының айтуынша, Никита қайғылы оқиға кезінде өз бетімен аман қалып, бағдар тауып, жағаға жеткен. Қазір жұрт оның қалай аман қалғанын және сол сәтте нақты не болғанын білгісі келгенімен, әскери қызметші бұл туралы айтуға әзірге дайын емес.
«Никита өзін-өзі аман алып қалды. Қайғылы оқиға кезінде ол бағдар тауып, жағаға жете алды және аман қалды. Қазір көпшілік оның мұны қалай істегені және нақты не болғаны туралы сұрақтар қоюда. Алайда ол әзірге бұл туралы айтуға дайын емес.
Біз бұған түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бір күнде ұмыту мүмкін емес жағдайды бастан кешті. Қазір ол көпшілік алдына шыққысы келмейді, сұқбат бергісі келмейді және оқиғаның егжей-тегжейін айтуға дайын емес. Біз осыны құрметтеуді өтінеміз», - деді, жақындары.