$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Жабық люк жаңа көлікті бүлдірді: Астанада жүргізуші шығынға батты

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Астанада Түркістан көшесімен келе жатқан көлік жолдағы жабық құдық қақпағын басып өтіп, зақымданған.

Көлік иесі Зарина Тәжібаеваның айтуынша, ол өз жолағымен қалыпты келе жатқан, алайда қақпақ орнынан жылжып, көліктің бірнеше бөлігіне зақым келген. Полиция мәліметінше, LYNK-CO 900 көлігінің механикалық зақым алғаны тіркеліп, оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қазір аталған құдықтың жабық екенін және көлік қозғалысына қауіп төндірмейтінін хабарлаған. Материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша көлік иесіне сотқа жүгіну ұсынылған.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0