Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхаттарын қаза болған сарбаздардың туыстарына Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және қоғам өкілдері табыстады.
Президент қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға кінәлілер заң аясында жазаланатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы шешім қабылдағанын хабарлады.