$ 441.89 € 502.56 ₽ 5.19

Маңғыстауда қаза тапқан түркістандық әскери қызметшінің денесі туған жеріне жеткізілді

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында әкелінді.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметші, аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Түркістанға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында әкелінді.

— Түркістан қаласының әуежайына аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен жеткізілді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Осы күні Түркістан қаласында әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылып, марқұм туған жерінде жерленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0