$ 441.89 € 502.56 ₽ 5.19

Air Astana әскери қызметшілердің жақындарын тегін тасымалдайтынын мәлімдеді

Билеттер 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалады. 

Фото: Air astana
Фото: Air astana

Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде аман қалған және қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

— Air Astana компаниялар тобы қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынады, — делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Билеттер 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылатыны хабарланды.

— Жақын туыстарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады. Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет, — деп хабарлады Air Astana.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0