$ 447.85  513.46  5.31

Астанада 10 адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленді

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, аталған тауарлар кедендік декларациядан өткізілмеген.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Астанадағы «Әуежай – Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелуге қатысты 10 фактінің жолын кесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тексеру барысында 10 азаматтан соңғы үлгідегі 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабы анықталған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, аталған тауарлар кедендік декларациядан өткізілмеген.

«Әуежай – Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелуге қатысты 10 фактінің жолын кесті. Барлығы 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабы табылды», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, жеке пайдалану мақсатында бір адам шетелден екі телефонға дейін кедендік декларациясыз алып кіре алады. Белгіленген мөлшерден асқан жағдайда тауар кедендік декларациядан өткізілуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#айфон #Астана