$ 448.44  514.81  5.33

Қызылорда облысында мысықты қинаған ер адам жауапқа тартылды

Полицияның мәліметінше, оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынған. 

Фото: Түркістан kz
Фото: Түркістан kz

Қызылорда облысында мысыққа қатыгездік көрсеткен ер адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін полицияның назарына түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

21 қыркүйекте TikTok желісінде ер адамның мысыққа күш көрсеткені бейнеленген видео тараған. Жазбаға қатысты полиция қызметкерлері бірден тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде жануарға қатыгездік көрсеткен адамның кім екені анықталды. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны Серік Кетенов болып шыққан. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынған. Сонымен қатар құқық қорғау органдары ер адамға жануарларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеу жөнінде ресми ескерту жасаған.

Полиция жануарға қатыгездік көрсету заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Мұндай әрекеттердің кейбірі қылмыстық жауапкершілікке де себеп болуы мүмкін.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккен мысық аман қалған. Оның денсаулығына зиян келмеген.

Полиция азаматтарды жануарларға күш қолданбауға, оларды қинамауға және қасақана зиян келтірмеуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0