$ 448.44  514.81  5.33

Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін

Алайда нақты шек әзірге бекітілген жоқ. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Қазақстанда жол ережесін қайта-қайта бұзатын жүргізушілерге қатысты талапты күшейту мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, кей жүргізушілердің айыппұл саны 50-ден асып кетсе де, олар ақшасын уақытында төлеп, көлік жүргізуді жалғастыра береді. ҚР ІІМ мұндай жүргізушілерге белгілі бір шектен кейін қосымша шара қолдануды ұсынып отыр.

Мәселен, бір жылда 10 рет жол ережесін бұзған немесе бағдаршамның қызыл түсіне өту секілді 5 өрескел құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге шектеу қою мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Алайда нақты шек әзірге бекітілген жоқ. Лепеханың сөзінше, бұл ұсыныс бұған дейін Парламентпен талқыланған. Енді ІІМ мәселені жаңа Құрылтайда қайта көтермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Үкімет