$ 462.22  536.5  5.43

«Басы қан болды»: Ұлдана Мырзуанның күйеуі сотта жауап берді

Ол қайғылы оқиға кезінде Ұлдана Мырзуанның жұбайы болғанын айтты.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Бүгін Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сот процесінде алғашқы болып жәбірленуші Әділет Зейнел жауап берді. Ол қайғылы оқиға кезінде Ұлдана Мырзуанның жұбайы болғанын айтты.

«Қайғылы оқиға болған кезде Ұлдана Мырзуан менің жұбайым болды. Ұлданамен 2025 жылдың қыркүйегінде некеге тұрдық. Ұлдананы өзім жұмыс істейтін №1 қалалық аурухананың бірінші қабатына, қабылдау бөліміне әкелген. Мен екінші қабаттан бірінші қабатқа түскенде қабылдау бөліміндегі дәрігерлер өз жұмыстарын істеп жатты. Ұлдананың киімін, әшекейлерін шешіп жатты. Ұлдананың басы қан болды. Басының қасында кішпіш, темір қалдықтары болды. Саусақтары қимылдады. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін есін жимады», – деді ол.

Сот барысында Әділет Зейнел 2001 жылғы 5 тамызда туғанын және Қосшы қаласында тұратынын мәлімдеді. Прокурордың отбасы жағдайына қатысты сұрағына жауап бере отырып, қазір некеде екенін және 2026 жылғы 13 тамыздан бері үйленгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0