$ 462.22  536.5  5.43

Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды

Оған құрғақ шөптің жануы себеп болды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында оқ-дәрі бөлшектері жарылды. Оқиғаға құрғақ шөптің жануы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Арыс гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрі бөлшектері жарылды. Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер мен қираған нысандардың жоқ екенін мәлімдеді.

Оған құрғақ шөптің жануы себеп болды. Жарылған оқ-дәрі бұған дейін қайта өңдеуге дайындалған болатын.

Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеді.

"Азаматтарды желіде таратылып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамыз", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#жарылыс #Арыс