Кадрларда түнгі уақытта жолбарыстың қабанға шабуыл жасағаны көрінеді.
Әлеуметтік желіде Қазақстанға қайта жерсіндіру бағдарламасы бойынша әкелінген жолбарыс пен қабанның арпалысы түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрларда түнгі уақытта жолбарыстың қабанға шабуыл жасағаны көрінеді. Алайда жыртқыш күткендей оңай олжаға тап болған жоқ. Қабан қарсыласып, жолбарысқа бірнеше рет шабуыл жасаған. Ақыры жыртқыш шегінуге мәжбүр болған.
Айта кетейік, Қазақстанда жолбарысты тарихи мекеніне қайта оралту жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы негізгі жобалардың бірі Іле-Балқаш өңірінде жүзеге асырылуда. Желіде тараған күтпеген кадрлар көпшіліктің назарын аударды. Әсіресе қолданушылар қабанның қайсарлығына таңданысын білдіріп жатыр.