$ 460.13  532.6  5.42

Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті

Видео жарияланған сәтте тұрғынның көтерген мәселесіне қатысты жергілікті биліктің ресми жауабы болмаған.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінің Байтоғас ауылы маңындағы жағалауында қоқыстың жерге көміліп жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадр авторының айтуынша, 13 тамызда түсірілген видеода жағалауда 40–50-ге жуық киіз үй орналасқан, ал олардан шыққан қоқыс арнайы орынға шығарылмай, көлге жақын жердегі шұңқырларға тасталып, үсті топырақпен жабылған.

Тұрғын мұндай қоқыс төгетін орынның заңдылығын тексеріп, киіз үйлерді орналастырған адамдардың әрекетіне баға беруді сұрап отыр. Ең бастысы, көл жағалауындағы санитарлық жағдай мен қоқыстың қайда шығарылып жатқанына жергілікті әкімдік тарапынан тиісті бақылау болды ма деген сұрақ туындайды. Егер қалдықтар расымен жағалауға жақын жерде рұқсатсыз көмілген болса, жауапты тұлғаларды анықтап, оның қоршаған ортаға ықпалын тексеру қажет. Видео жарияланған сәтте тұрғынның көтерген мәселесіне қатысты жергілікті биліктің ресми жауабы болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0