Болжам бойынша, республиканың тек оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз.
Қазақстанда алдағы сейсенбі, 18 тамызда найзағай мен бұршақ аралас жаңбыр жауып, аптап ыстық басылады. Күндізгі ауа температурасы +35...+38°С-қа дейін төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары жариялаған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, аптап ыстық екі өңірде сақталады:
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні күшейеді", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Болжам бойынша, республиканың тек оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз.
"Ел аумағында жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады: