$ 464.02  536.18  5.54

Алматы облысында тұрғындар көпірден өте алмай жүр: әкімдік жаяу жүргіншілер мәселесін қашан шешеді?

Тұрғындар әсіресе мектеп маңында жаяу жүргіншілерге қолайлы өткел жасап беруді сұрап отыр.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында тұрғындар СДУ маңындағы жолдан қауіпсіз өту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғынның айтуынша, бұл жерде жолүсті жаяу жүргіншілер көпірі болғанымен, арба сүйреген ата-аналарға одан өту қиын. Жарияланған видеода көпірге баспалдақ арқылы көтерілетіні көрінеді, сондықтан балалар арбасымен жүрген тұрғындарға қолайсыздық туғызады.

Тұрғындар әсіресе мектеп маңында жаяу жүргіншілерге қолайлы өткел жасап беруді сұрап отыр. Мәселе бойынша Алматы облысы әкімдігі мен Қарасай ауданы әкімдігінің қандай шара қабылдайтыны әзірге белгісіз. Тұрғындардың шағымынан кейін жауапты мекемелер бұл аумақтағы қауіпсіз әрі қолжетімді жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын қайта қарауы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0