$ 465.74  537.23  5.62

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады деп күтіледі.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2026 жылғы 13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп күтіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, күндіз аномальды аптап ыстық республикамыздың бірден 14 өңірін қамтиды:

Аптап ыстық:

  • +35°С: Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
  • +35...+39°С: Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында;
  • +38...+42°С: Жамбыл, Маңғыстау облыстарында;
  • +40...+43°С: Түркістан және Қызылорда облыстарында.

Өте қатты ыстық:

  • +40...+41°С: Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында.

Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады деп күтіледі.

"Тек Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсіп, қатты жел соғуы мүмкін. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі".

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, республикамыздың бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының батысында, шығысында, орталығында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0