$ 466.08  538.56  5.65

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тапты

Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Фото: astana_pokazhet_
Фото: astana_pokazhet_

Ақмола облысында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен ГАЗ-53 жүк көлігі соқтығысып, жол апатынан екі адам қаза тапты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Астана – Петропавл тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған екі көлік жол бойында соқтығысқан.

Апат салдарынан шағын автобуста болған екі жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz Sprinter көлігінің тағы алты жолаушысы мен ГАЗ-53 жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі таңда полиция жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0