$ 469.93  541.64  5.71

Павел Дуров Астанадағы олимпиада жеңімпаздарына 50 млн теңгедей сыйақы бермек

Дуров өзінің Telegram-дағы рнасында Астанада өткен олимпиада туралы жазба жариялады.

Фото: Nadine Rupp/Getty Images
Фото: Nadine Rupp/Getty Images

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда өткен жасанды интеллект олимпиадасы туралы пікір білдіріп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Дуров өзінің Telegram-дағы рнасында Астанада өткен олимпиада туралы жазба жариялады.

"Кеше Астанада халықаралық ЖИ олимпиадасы аяқталды. Ресей командасы командалық есепте бірінші орынды иеленді, ал менің туған қаламнан келген Артем Горохов жекелей сында жеңімпаз атанды. Тамаша нәтиже!

Сондай-ақ ұйымдастырушы ел – Қазақстан үшін де қуаныштымын. Жеке есепте олардың өкілі Дәужан Бекетов екінші нәтиже көрсетті. Біз келесі айда Telegram атынан жеңімпаздарға жүлделерді (106 500 АҚШ долларынан астам) қауіпсіз табыстау үшін ұйымдастырушылармен байланысып жатырмыз", - деп жазды Дуров.

Айта кетейік, 106,5 мың доллар бүгінгі бағам бойынша ұлттық валютаға шаққанда шамамен 50 миллион теңгеге тең.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0