$ 469.93  541.64  5.71

Ақтөбедегі «жылы үйден» күдер үзген халық: әкімдіктің уәдесі қайда?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Ақтөбеде жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің тұрғындары тағы да шу шығарды. Жұртшылық жиналып, биліктен нақты көмек талап етуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодан көрінгендей, халық «Әкімдіктің қолдауын күтеміз» деген жазумен шыққан.

Олардың басты талабы — қарапайым, қауіпсіз және жылы үйлерде тұру. Үй иелері мемлекеттік органдармен ашық диалогқа дайын екенін, бірақ мәселенің шешілуін заң аясында талап ететінін айтады. Тұрғындардың бұл жанайқайы жергілікті атқарушы органдардың уәдесіне деген сенімсіздіктен туындап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0