$ 474.47  541.37  6.08

Қарағандыдағы мектепте ағаштарды түгел отап тастаған: Әкімдік пен білім бөлімі заңсыздыққа көз жұма қараған ба?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қарағанды қаласындағы Н. Әбдіров атындағы №58 мектеп аумағындағы жайқалған жасыл ағаштардың түбімен кесілуі жергілікті тұрғындардың үлкен наразылығын тудырды. Қазыбек би ауданының әкімдігі бұл кесу жұмыстарына ешқандай рұқсат берілмегенін ресми түрде мойындап отыр.

Ал қалалық білім бөлімі болса, жауапкершілікті «заңды білмей қалды» деп мектеп директорына ысыра салып, күрделі жөндеу кезінде тек апатты ағаштар кесілді деген сылтаумен ақталуға көшті. Өңір әкімдігі мен жауапты басқармалардың мектеп іргесіндегі мұндай өрескел заңсыздықты дер кезінде бақыламауы — биліктің экологиялық мәселелерге шорқақтығын анық көрсетеді.

Тұрғындардың шағымынан кейін ғана қозғалған бұл іс бойынша материалдар полицияға жолданып, ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы («Ағаштарды заңсыз кесу») бойынша тексеріс басталды. Тәртіп сақшылары мектепті тақырға айналдырғандарға объективті құқықтық баға беріп, кінәлілерді жауапқа тартуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0