$ 479.26  546.21  6.13

Түркістанда полиция капитаны міндетін орындау кезінде қаза тапты

 Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.

Фото: instagram.com/sadenov_online
Фото: instagram.com/sadenov_online

Қызметтік міндетін атқару кезінде Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкері Бауыржан Қонысбеков қаза тапты. Суыт хабарды ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ведомство басшысы Instagram-дағы парақшасында.

 Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0