$ 467.58  543.66  6.44

Қарағандыда жасөспірім 8 жасар қызды мотоциклмен қағып өлтірді

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Қарағандыда 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен сегіз жастағы қызды қағып кетіп, бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 мамыр күні Көкпекті станциясында болған.

Полиция дерегіне сәйкес, кәмелетке толмаған жасөспірім «Эндуро» маркалы мотоциклді басқарып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Алған жарақатынан бала оқиға орнында қайтыс болды. Ал кәмелетке толмаған жүргізуші түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиға туралы ақпарат кейінірек белгілі болған. Еkaraganda.kz басылымы полицияға ресми сауал жолдағаннан кейін ғана мәлімет жарияланған.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына қатысты да бөлек қылмыстық іс тіркелді. Олар көлік жүргізу құқығы жоқ адамға транспорт басқаруға рұқсат беріп, абайсызда адам өліміне әкелді деген күдікке ілінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0