$ 470.17  547.47  6.42

Петропавлда жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, бағанға соғылған (ВИДЕО)

106 үй жарықсыз қалған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Көлік жол жиегіндегі бағанға соғылып, салдарынан көшені жарықтандыру тірегі мен электр желілері қатты зақымданған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат 17 мамыр күні таңертең болған.

«Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас болмаған. Мүлікке залал келтіруге әкеп соққан жол ережелерін бұзу дерегі бойынша әкімшілік материал жиналды», - деп хабарлады полиция.


Кейін белгілі болғандай, 19 жастағы жүргізуші рөлде отырып ұйықтап кеткен.

Электрмен жабдықтау жұмыстары жарты күннен кейін толық қалпына келтірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0