$ 467.63  547.69  6.36

Алматы облысында жасөспірім көлікпен 12 жастағы баланы қағып кетті

Оқиға Тұйғын ауылында болған. Жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, көлік жүргізушісін анықтап, ұстаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысында жасөспірім көлік тізгіндеп, 12 жастағы баланы қағып кеткен. Бұл ақпаратты Алматы облысы полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Тұйғын ауылында болған. Жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, көлік жүргізушісін анықтап, ұстаған.

– Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған JAC автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар оның ата-анасына да екі бап бойынша әкімшілік шара қолданылды, – делінген ресми хабарламада.

Көлік айыптұраққа қойылған. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Қорытынды процессуалдық шешім зардап шеккен баланың медициналық қорытындысы мен ауруханадан шығуынан кейін қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0