$ 461.26  542.58  6.18

«Қыз ұзату тойына барған»: Көлік қаққан көкшетаулық әйелдің жақындары зар жылады

Туыстарының сөзінше, марқұмның артында анасыз қалған ұлы қалған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Көкшетауда жол апатынан қаза тапқан жалғызбасты ананың жақындары әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға отбасы үшін күтпеген ауыр соққы болған. Сол күні олар Көкшетауға сіңлісінің қыз ұзату тойына жиналған.

«Бұл хабарды қабылдау бізге өте ауыр. Сол күні Көкшетауға сіңліміздің қыз ұзату тойын өткізу үшін барған едік. Марқұм біздің туған тәтеміз болатын. Ол қуанып, құдалыққа дайындалып жүрген. Барлық туыстар қонақ күтуге әзірленіп жатқан еді. Бірақ бір сәтте отбасымыз орны толмас қайғыға душар болды», – деп жазды жақындары.

Туыстарының сөзінше, марқұмның артында анасыз қалған ұлы қалған.

«Әлі күнге дейін сену қиын. Бір сәтте отбасымыз үлкен қайғыға тап болды. Ұлы анасынан айырылды. Қуаныш пен күлкінің орнына көз жасы мен сөзбен айтып жеткізе алмайтын қайғы келді», – делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3