Еске салайық, Кино және театр актері, режиссер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов былтыр 21 желтоқсан күні өмірден өтті.
89 жыл бұрын (1937-2025) қазақтың көрнекті актері, режиссер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері болған. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптың авторы.

1961 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының және 1964 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.

Марапаттары:
1973 жыл - «Атаманның ақыры» фильміндегі ролі үшін К. Байсейітова атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы
1974 жылы - Театрдағы жұмыстары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы
1978 жылы - Қазақ КСР халық әртісі
1980 жылы - КСРО халық әртісі
2000 жылы - Кино өнеріндегі еңбегі үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығы
2001 жылы - Отан» ордені
2002 жылы - Жамбыл облысының құрметті азаматы
2003 жылы - «Қазақы оқиға» фильміндегі ролі үшін 1 «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі лауреаты
2007 жылы - «Құрмет» ордені
2007 жылы - Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО Халықаралық Академиясының «Алтын қыран» ордені
Еске салайық, Кино және театр актері, режиссер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов былтыр 21 желтоқсан күні өмірден өтті.