$ 474.08  558.28  6.26

Адам шығыны бар: Павлодардағы әскери бөлімде атыс болды

Тергеу барысы ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті бақылауында.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы ІІМ-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атып (бірнеше), салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмған. Ал тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алған.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ.

Тергеу барысы ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті бақылауында. Қазақстандықтардан тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0